Серверлік қосымшалар

Сервер x64 ГАЖ (Сервер ГАЖ)

Сервер ГАЖ ПАРБ.00049-01 ақпараттық жүйесі, Панорама ГАЖ ПАРБ.00227-01, Панорама ГАЖ ПАРБ.00046-01, Оператор ГАЖ ПАРБ.00048-01, GIS WebService SE ПАРБ.00160-01 бағдарламаларын пайдаланушыларды кеңістіктік деректерге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге арналған.

Өнім келесі тілдерде іске асырылған: орыс, ағылшын, француз, испан, украин, вьетнам тілдері.

Операциялық жүйелердің (Windows, Astra Linux SE, ALT Linux, Эльбрус, Ubuntu, CentOS, MCBC) және архитектуралардың (Intel, Эльбрус, КОМДИВ) кең спектрінде жұмыс істеу үшін бейімделген.

ГИС Сервер

Форум Қалай сатып алу Соңғы нұсқасын
жүктеу
Құжаттаманы
жүктеу

Сервер, векторлық карталарға, ЖҚЗ деректеріне, матрицаларға, құжаттарға және кеңістіктік дерекқорларға қашықтан қолжетімділік береді. Серверде деректерді орналастыру заңсыз көшіріп алудан және өзгертуден деректерді қорғауды қамтамасыз етеді. Пайдаланушы жұмыс үшін шартты атаулары бойынша (алиас) деректерді таңдайды.

Сервер ГАЖ ПАРБ.00049-01 құралы, Сервер ГАЖ-де ашылған растрлық және матрицалық деректерді өзгертуді бақылауды және оларды клиентте синхронды түрде жаңартуды қолдайды. Ортофотожоспарлардың, биіктік матрицаларының және векторлық карталардың жаңа нұсқаларына қолжетімділік, сервер немесе кленттер әкімшісі тарапынан қолмен жасалатын операцияларсыз автоматы түрде ұсынылады. Картаны ашу кезінде карта мен жіктегіштің сәйкестігін тексеру және жіктегішті ауыстыру кезінде карта объектілерін автоматты түрде қайта кодтау қамтамасыз етіледі. Осылайша, клиенттік жұмыс орындарында және қосылған web-сервистерде кітапханаларды автоматты түрде жаңартумен бірге сервердегі шартты белгілер кітапханасын жаңарту процесін автоматтандыруға болады.

Сервер ГАЖ, БМЖТ басқаратын кеңістіктік деректер базаларына қосылуы және оларды клиенттерге белгіленген шартты белгілердегі векторлық карталар түрінде ұсынуды қамтамасыз етуі мүмкін. Сервер ГАЖ бағдарламасын дерекқорға (ДҚ) қосу үшін DBM пішіміндегі қызметтік файл қолданылады. DBM файлы XML құрылымында құрылған және дерекқорға қосу параметрлерінің сипатын қамтиды (дерекқор атауы, хост және порт нөмірі және басқалар).

Бағдарламалық-аппараттық құралдар істен шыққан кезде векторлық деректерді түзету нәтижелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін, деректерді сақтық көшіру орындалады. Сақтық көшірмелер Әкімші ГАЖ бағдарламасында таңдалған сақтық көшіру процесінің теңшелімдеріне сай жасалып, орналастырылады.

Сервер ГАЖ-де орналастырылған векторлық карталарды қашықтан түзету кезінде, объектілердің атрибуттарына түрлі құжаттарға (фотосуреттер, мәтіндер, электрондық кестелер және кез келген басқа да файлдар) келтірілген сілтемелер қосылуы мүмкін. Басқа жұмыс орындарындағы пайдаланушылар осы құжаттарды қарау немесе түзету мақсатымен қолжетімділік алуы үшін, Сервер ГАЖ-де құжаттарды сақтау орнын ашу керек. Әрбір векторлық карта құжаттар сақтау орнының өзінің бірегей атауы бойынша сілтеме жасай алады. Бірнеше карта ортақ құжат сақтау орнына сілтеме жасай алады.

Сервер ГАЖ ПАРБ.00049-01, деректерді автоматты түрде репликациялау, сақтық көшіру және қорғаумен бірге кеңістіктік деректерді бөліп сақтау және өңдеу үшін Сервер ГАЖ жүйелерін көпдеңгейлі түрде өзара қосу мүмкіндігін қолдайды. Осындай архитектура дерек беру желісіне түсетін жүктемені он есе түсіреді, деректерге қолжетімділікті тездетеді және жұмыстың сенімділігін арттырады.

Дерек беру желілеріне түсетін жүктемені азайту, сұрауларды кэштейтін және деректердің автоматты репликациясын орындайтын аралық Сервер ГАЖ көмегімен белгілі бір пайдаланушылар тобының қол жеткізуі арқылы қамтамасыз етіледі. Бірдей деректер Сервер ГАЖ-не қосылған кез келген пайдаланушы санына өңдеу үшін қолжетімді. Картаны пайдаланушылардың бірі түзеткен кезде, деректер осы картамен жұмыс істеп жатқан барлық пайдаланушыларда да автоматты түрде жаңартылады. Бір объектіні бірнеше пайдаланушы бір уақытта түзеткен кезде, ол объект соңғы түзету операциясы нәтижесінде алған күйде болады. Деректерді жаңарту транзакцияларды орындау режимінде орындалады, бұл ақаулар кезінде қалпына келтіруді және кез келген қадамдар санына артқа шегінуді қамтамасыз етеді.

Сервер ГАЖ пайдаланушылары тізіміне жекелеген пайдаланушы, сонымен қатар жекелеген пайдаланушы ретіндегі Active Directory тұтас пайдаланушылар тобы қосылуы мүмкін.

Жұмысты тездету үшін клиенттік компьютерде кэш түрінде сақталатын барлық деректер, әрқашан сервер кілті мен клиент кілтінен қалыптастырылатын 256 биттік кілтен кодталады. Егер сервердегі деректерге қосылу кезінде кілттер өзгерсе, онда кэш автоматты түрде тазарып, деректерге жүгіну шамасына қарай жаңадан толтырылады.

Сервер ГАЖ-мен байланыс жоғалған жағдайда кэштегі деректермен автономды түрде жұмыс істеу мүмкіндігіне қолдау көрсетіледі. Сервер ГАЖ-мен байланыс болмаса (қысқаша жоғалса), деректерге қолжетімділік автоматты түрде "Тек қана оқу, Басып шығаруға тыйым салу, Көшіруге тыйым салу" режиміне ауысады. Байланысты қалпына келтіру кезінде, қолжетімділік Сервер ГАЖ-де пайдаланушы үшін орнатылған қолжетімділікке өзгертіледі және өзгертілген деректерге қатысты тұрғыда деректерді автоматты түрде кэшке репликациялау жұмысы орындалады.

Сервер ГАЖ бағдарламасы деректер жинағын ПАРБ.00033-02 ЦК және ЖҚЗ деректері банкіне жүктеуге мүмкіндік береді. Жүктеу Сервер ГАЖ клиентінің пәрмені бойынша орындалады. Сервер ГАЖ, ПАРБ.00033-02 ЦК және ЖҚЗ деректері банкінде сақталатын векторлық карталар, растрлар және матрицалардан автоматты режимде геожабындарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Геожабындарды қалыптастыру Сервер ГАЖ клиентінің пәрмені бойынша орындалады. Геожабындарды қалыптастыру барысында, алмасу пішімдерінен деректерді импорттау, белгіленген координаттар жүйесіне түрлендіру және Сервер ГАЖ виртуалдық қалтасына салу жұмысы жүзеге асырылады.

Деректерге қолжетімділікке ыңғайлы түрде әкімшілік ету үшін, Сервер ГАЖ деректері бар қалталар деңгейіндегі деректерге автоматты түрде қол жеткізуді қолдайды. Әкімші, қалталардың мазмұны мен құрылымын нақтыламай, жекелеген пайдаланушылар топтарының түрлі қалталарға қолжетімділік құқығын көрсетуі мүмкін. Жұмыс барысында, Сервер ГАЖ қалталардың ішіндегісін автоматты түрде сканерлейді және тиісті топқа кіретін пайдаланушыларға қалтада орналасатын деректерге құқық береді. Қалта ішіндегісі өзгерген жағдайда, деректерді таңдау кезінде клиентте көрсетілетін қолжетімді деректер шежіресі автоматты түрде қайта құрылады. Осылайша, Сервер ГАЖ жұмысын үзбей және деректің әрбір данасы үшін әкімшілік ету құралдарын қолданбай, қалтадағы деректер құрамын динамикалық түрде өзгертуге, деректерді қосуға және жоюға мүмкіндік беріледі.

Пайдаланушылардың сервердегі деректермен жасаған барлық әрекеттері протоколданады. Деректерге қолжетімділіктің ағымдағы күйі сервердің жұмысын мониторингтеу бағдарламасында көрсетіледі. Сервер ГАЖ, операциялық жүйе басталған кезде автоматты түрде іске қосылады және өнімділігін жоғалтпай тәулік бойы, шексіз уақыт жұмыс істей алады.

Пайдаланушы сервер қосылымдарының күйін, Сервер ГАЖ-не қосылу құралдары бар кез келген бағдарламадан қашықтан бақылай алады. Бұл үшін оған Әкімші тарапынан тиісті құқықтар белгіленуі тиіс.

Серверге қосылу TCP\IP протоколы бойынша орнатылады. Клиент пен сервер арасында екілік деректер - объектілердің координаттары, атрибуттар, растрлар мен матрицалар деректерінің блоктары жіберіледі. Сондықтан қалыпты жұмыс үшін клиент пен сервердің жоғары жылдамдықты қосылымы, мысалы, Ethernet 1 Гбит/сек желісі бойынша қосылым керек.

ГАЖ Сервер ПАРБ.00049-01 бағдарламасы MS Windows XP, MS Windows Server 2008 және одан да жоғары, MS Windows 7 және одан да жоғары ОЖ-нің 64 разрядты нұсқасы орнатылған жергілікті желідегі кез келген компьютерге орнатылуы мүмкін.

Әрбір клиентке жедел жадтың 1,5 Мбайты бөлінеді. Ашық векторлық карталар, растрлар мен матрицалардың саны бөлінетін жадтың көлеміне айтарлықтай әсер етпейді. 100 клиентті қосуға ГАЖ Сервер бағдарламасы орнатылған компютерде шамамен 1,5 Гигабайт жедел жад қажет. Қосылатын клиенттер саны бағдарламамен шектелмеген.

Сервер ГАЖ кеңістіктік деректерге жылына 365 күн бойы, тәулік бойы қолжетімділік береді. Деректерге (рөлдер, пайдаланушылар, деректер тізімдері) қолжетімділік параметрлерін өзгерту сервисті қайта іске қоспай орындалуы мүмкін. Параметрлерді өзгерту туралы хабарландырулар қолданба журналына жазылады. Деректерге қолжетімділіктің жаңа шарттары бұрын ашылған деректер үшін де қолданылады. Егер жаңа шарттарда жазуға тыйым салынған болса, онда клиент үшін түзету операцияларының барлығы тоқтатылады, егер деректерге қол жеткізуге толығымен тыйым салынған болса, онда клиентте деректерді көрсету доғарылады.

Linux ОЖ-де жлектрондық қорғау кілтінің жұмысына диагностика жүргізу

Linux ОЖ-де электрондық қорғау кілтін қосуға диагностика жүргізу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  • виртуалды машинаны қолданған кезде, қорғау кілтінің оған виртуализация құралдары (мысалы, VirtualBox) көмегімен қосылғанына көз жеткізіңіз;
  • файлдық жүйеде udev-ережелер файлының бар екеніне көз жеткізіңіз

/etc/udev/rules.d/95-grdnt.rules

  • қорғау кілтінің операциялық жүйені анықтағанын lsusb пәрмені көмегімен тексеріңіз:

~$ lsusb
Bus 003 Device 004: ID 0a89:0008

Пәрмен шығысында сәйкестендіргіші бар құрылғы болуы тиіс: ID 0a89:0008

  • электрондық кілт үшін жасалған құрылғы файлында топ үшін жазу құқығы бар екенін тексеріңіз:

~$ ls -l /dev/bus/usb/003/004 crw-rw-rw- 1 root root /dev/bus/usb/003/004

Шина нөмірі (003) және құрылғы нөмірі (004) lsusb пәрменінің шығысынан алынған