Серверлік қосымшалар

GIS WebService Special Edition (SE)

GIS WebService Special Edition (SE) – келесі протоколдар бойынша кеңістіктік деректерді жариялауға арналған web-сервис: Apache, IIS, ngnix және т.б. web-сервердің басқаруымен Linux және Windows платформаларында OGC WMS, OGC WMTS, OGC WFS, OGC WFS-T, OGC WCS.

Өнім келесі тілдерде іске асырылған: орыс, ағылшын, украин, вьетнам тілдері.

Операциялық жүйелердің (Windows, Astra Linux SE, ALT Linux, Эльбрус, Ubuntu, CentOS, MCBC) және архитектуралардың (Intel, Эльбрус, КОМДИВ) кең спектрінде жұмыс істеу үшін бейімделген.

GIS WebService SpecialEdition (SE)

Форум Қалай сатып алу Соңғы нұсқасын
жүктеу
Құжаттаманы
жүктеу

Web-сервис құрамына PHP-скрипттер жинағы және деректерді өңдеп жариялауға арналған сұрауларды орындайтын GIS Application Service қызметі кіреді.

GIS WebService SE сервисі келесі web-серверлердің басқаруымен PHP интерпретаторы ортасында орындалады:

  • "Apache" web-серверінің 2.2.14 және одан жоғары нұсқасы,
  • "IIS" web-серверінің 6.0 және одан жоғары нұсқасы,
  • "ngnix" web-серверінің 1.5.7 және одан жоғары нұсқасы (жоғары трафикке ие ресурстар үшін істен шығуға төзімді сервер).

GIS WebService SE сервисі келесі web-серверлердің басқаруымен орындалады:

  • MS Windows Server 2003 x32 және одан да жоғары,
  • MS Windows Server 2008 x64 және одан да жоғары,
  • MSVS 5.0,
  • AstraLinux SE,
  • Заря,
  • 2.6.30 және одан да жоғары ядро нұсқасына ие Linux басқа нұсқалары.

GIS WebService SE сервисі GIS Application Service қызметі болған жағдайда жұмыс істейді.
GisWebServiceSE бағдарламасының құрамына теңшелім файлдарын қашықтан әкімшілік ету модулі кіреді.

GIS WebService SE құрылым

GIS WebService SE ПАРБ.00160-01 клиент-сервер архитектурасына ие. Қолданба, PHP интерпретаторы ортасындағы web-сервердің басқаруымен жұмыс істейді. Клиенттік бөлігі php-скрипттер, серверлік бөлігі GIS Application Service қызметі түрінде іске асырылған. Байланыс TCP/IP протоколы көмегімен жүзеге асырылады.

Сервистің клиенттік бөлігі бірнеше модульден құралған: HTTP сұрауларды өңдеу және түсіндіру модулі (service.php), сервис жұмысы параметрлерін теңшеу модулі (admin.php).

Қолданбадан, мысалы GIS WebServer SE ПАРБ.00165-01 қолданбасынан алынған деректер сұрауды өңдеуге жауап беретін web-серверге беріледі. PHP интерпретаторының басқаруымен, РНР сұрауы сервис тарапынан талданып, талқыланады (тиісті оқиғалар генерацияланады). TCP/IP протоколы бойынша сокеттердің көмегімен, сұрау GIS Application Service қызметіне беріледі, ол болса осы сұрауды орындайды.

GIS Application Service қызметі ядродан және динамикалық кітапханалар түрінде қосылатын модульдерден тұрады. Қызмет, деректерді виртуалдық қалталардан немесе Сервер ГАЖ ПАРБ.00049-01 құралынан ашып, сұрауды тиісті динамикалық кітапханаға жібереді.

Тайлдар интерфейсі, оларды көрсету және қалыптастыру атқарымдары динамикалық кітапханаларды (so немесе dll) және EPSG (European Petroleum Survey Group) кодтары үшін дерекқорларды қолданады.

GIS WebService SE сервисінің мақсаты

GIS WebService (GIS WebService SE) сервисі, TCP\IP желісінде графикалық кескін түріндегі кеңістіктік ақпаратты ұсынуға, геодеректерді алу шарттарын сипаттауға және осы деректерді, метадеректерді, атрибуттық, сипаттамалы және векторлық ақпарат жинағы түріндегі карта объектілері туралы кеңістіктік ақпаратты ұсыну бойынша сервер сипаттамаларын сипаттауға арналған.
Сервис арқасында, сервистің деректер жинағында жаңа объектілерді жасау, әрекеттегі объектілерді жаңарту немесе жою, кеңістіктік деректерді GML пішімінде беру үшін транзакция операцияларын орындауға болады.

Сервис, TCP\IP желісінде үшөлшемді дерек үлгілерін талдау, үлгілеу және құру үшін ыңғайлы пішімде төңірек жер бедері туралы кеңістіктік ақпарат, геодеректерді алу шарттарының сипаты және осы деректерді ұсыну бойынша сервердің сипаттамаларының сипаты түріндегі қамтуларды ұсынуға арналған.

Сервис предназначен для предоставления покрытий в сети TCP\IP в виде пространственной информации о рельефе местности в формате удобном для анализа, моделирования и построения трехмерных моделей данных, описания условий получения геоданных и описания характеристик сервера по предоставлению этих данных.

Сервис, Web Map Service (WMS OGC) – OGC 03-109r1 сервисінің 1.3.0-нұсқасы үшін OGC (Open GIS Consortium) айрықшаламасына, Web Map Tile Service (OGC WMTS) – OGC 07-057r7 сервисінің 1.0.0-нұсқасы, OGC 09-025r1 және ISO/DIS 19142 OpenGIS Web Feature Service 2.0 Interface Standard (OGC WFS және OGC WFS-T), Web Coverage Service (WCS OGC) – OGC 09-110r4 сервисінің 2.0.1-нұсқасы үшін OGC айрықшаламасына сай әзірленген.

OGC WMS, OGC WMTS, OGC WFS, OGC WFS-T, OGC WCS стандарттарын қолданудың арқасында, графикалық кескін, тайлдар, кеңістіктік ақпарат түріндегі геокеңістіктік деректерді іздеу, алмасу және ұсыну үшін бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз етеді және ГАЖ-қолданбалар мен веб-сервистердің өзара іс-қимыл жасауы үшін мүмкіндіктер жасайды.

Тайл карталарын жасау, "ImageryCreator" атты Web-қолданбалар үшін растрлық түрдегі картаны қалыптастыру бағдарламасы арқылы немесе ImageryService сервисінің көмегімен орындалуы мүмкін.

GIS WebService SE атты web-сервистің клиенттері: OGC протоколын қолдайтын түрлі ГАЖ-лер және GIS WebServer SE бағдарламасының пайдаланушылары болуы мүмкін.

Қашықтан әкімшілік ету

GisWebServiceSE бағдарламасының құрамына теңшелім файлдарын қашықтан әкімшілік ету модулі кіреді.

Қашықтағы әкімшіні іске қосу үшін, шолғыштағы жолақтың URL-мекенжайында келесіні теру керек
http://localhost/GISWebserviceSE/admin/admin.php.

Әкімшілік ету, https протоколының басқаруымен қорғалған режимде орындалуы мүмкін.

OGC стандарттарын қолдау

GIS WebService SE қызметі операциялардың түрлі типтерін орындауға рұқсат береді:

Объектілермен есептеу операциялары:

  • Объект аумағының ұзындығын есептеу (SIDELENGTH);
  • Объект аумағының азимутын есептеу (SIDEAZIMUTH);
  • Объект аумағының дирекциялық бұрышын есептеу (SIDEDIRECTION);
  • Нүкте координаттарын метрлерден градустарға түрлендіру (GETPOINTGEO);
  • Нүкте координаттарын градустардан метрлерге түрлендіру (GETPOINTPLANE);
  • Нүкте координаттарын нүкте, дирекциялық бұрыш және қашықтық бойынша анықтау (GETPOINTSIRECT).

Объектілерді іздеу операциялары:

  • Белгіленген аумақтың ішінде толығымен орналасқан объектілерді іздеу (AREASEEKINSIDE);
  • Координаттары нүктемен қиылысатын объектілерді іздеу (AREASEEKCROSS);
  • Координаттары сызықпен қиылысатын объектілерді іздеу (AREASEEKCROSSLINE);
  • Координаттары ауданмен қиылысатын объектілерді іздеу (AREASEEKCROSSSQUARE);
  • Объектілерді семантика бойынша іздеу (TEXTSEARCH);
  • Объектілерді барлық семантикалар бойынша іздеу (FINDOBJECTS).

Объектілермен жасалатын операциялар:

  • Қабаттар арасындағы объектілерді көшіру (COPYOBJECT);
  • Белгіленген радиус объекті (объектілері) айналасында аймақ(тар) құру (BUILDZONE);
  • Нүктелер арасында ортодромия сызығын құру (ORTHODROME);
  • Нүктелер арасында локсодромися сызығын құру (LOXODROME);
  • Тегістеуші сплайн типті объектіні құру (SPLINEBEND);
  • Айналып өтетін сплайн типті объектіні құру (SPLINECASHION);
  • Қабатта белгіленген коды бар объектілердің бар-жоғын тексеру (CODECONTROL);
  • Объектіні жасау (TRANSACTION);
  • Объектінің метадеректерін, семантикасын және координаттарын алу (GETFEATURE);
  • Нүктедегі объектінің метадеректері мен семантикасын алу (DESCRIBEFEATURETYPE).

Объектілермен жасалатын оверлейлік операциялар:

  • Сызықтық және аудандық объектінің қиылысуы (сызық нәтижесі) (CROSSLINE);
  • Сызықтық және аудандық объектінің қиылысуы (аудан нәтижесі) (CROSSLINESQUARE);
  • Екі аудандық объектінің қиылысуы (CROSSSQUARE);
  • Екі аудандық объектінің бірігуі (UNION);
  • Бостық объектілерін жасау (EMPTYAREAS);
  • Белгіленген аумақ шегіндегі екі карта объектілер арасында сәйкестік құру (MATHCHECKCOMPLIENCEOBJECTS);
  • Екі карта объектілерінің қиылыстарын құру (MATHBUILDCROSSLAYERS);
  • Объектілер арасында оверлейлік операциялар құру (MATHCONTROLOBJECTS);
  • Объектілер арасында оверлейлік операциялар құру процесінің күйі туралы ақпарат алу (GETMATHCONTROLOBJECTSDATA).

Қабаттармен жасалатын талдау операциялары:

  • Су басу аймағын құру (BUILDFLOODZONE);
  • Тікелей көріну аймағын құру (BUILDVISIBILITYZONE);
  • Еңістің бетін құру (BUILDSURFACESLOPE);
  • Биіктіктер матрицасын құру (BUILDMATRIX);
  • Жылу картасын құру (BUILDHEATMAP);
  • Тақырыптық карта құру (CREATETHEMATICMAP).

Жолдар графын құру және оңтайлы бағдарлар іздеу.

  • Жол желілерінің графтарын қамтитын қабаттар тізімін беру (GETGRAPH);
  • Екі нүкте арасында ең қысқа бағдарды іздеу (GETROUTE);
  • Алшақтық графын құру (CREATEDISTGRAPH);
  • Бірнеше нүктеге барумен бірге оңтайлы бағдарды іздеу (CREATETSPGRAPH).

XSD сызбанұсқасы мен жіктегішпен жасалатын операциялар:

  • Қолжетімді сызбанұсқалар тізімін сұрау (GETXSDLIST);
  • Қабат легендасы мен сызбанұсқасын жасау (CREATELEGEND);
  • Қабат легендасынан суретті сұрау (GETLEGEND);
  • «Білім анықтамалығы» типті семантикалық сипаттамаларды сұрау (GETSEMANTICWITHLIST);
  • Объектінің кілті бойынша семантикалық сипаттамаларды сұрау (GETSEMBYOBJKEY);
  • Картадағы объектінің реттік нөмірі бойынша объектінің семантикалық сипаттамаларын сұрау (GETSEMOBJBYNUMBER);
  • Қабаттың барлық семантикалық сипаттамаларын сұрау (GETLAYERSEMANTICLIST);
  • Сызбанұсқаны сұрау (DESCRIBEFEATURETYPE).

Пайдаланушы қабатын жасау операциялары:

  • Бос пайдаланушы қабатын жасау (CREATEUSERMAP);
  • gml файлы бойынша пайдаланушы қабатын жасау (LOADGMLBYXSD);
  • Объектілер бойынша қабатты кесіп, жаңа қабаттарға сақтау (SAVELIST);
  • Растрлық деректері бар қабатты жасау (LOADRSW);
  • Қолданыстағы қабаттың көшірмесін жасау (COPYMAP).

Қабат метадеректерін алу операциялары:

  • Қабат атауын сұрау (GETSHEETNAME);
  • Виртуалды жол бойынша қабат сәйкестендіргішін сұрау (GETFOLDERS);
  • Объект семантикасы бойынша жүктеп алу файлына сілтемені сұрау (GETFILEFROMSEMANTIC);
  • Сервер ГАЖ-нен файлды сұрау (GETFILEFROMGISSERVERFOLDER);
  • WFS сервисінің сақталатын рәсімдерін сұрау (LISTSTOREDQUARIES);
  • Қабаттардың метадеректерін сұрау (GETCAPABILITIES, GETLAYERS);
  • Тайл немесе сурет түріндегі деректердің растрлық көрінісін сұрау (GETMAP, GETTILE);
  • Геожабын метадеректерін сұрау (DESCRIBECOVERAGE).

Транзакциялар журналымен жасалатын операциялар:

  • Белгіленген уақыт аралығы үшін объектілер транзакциялары журналын сұрау (GETTRANSACTION);
  • Соңғы орындалған транзакцияны болдырмау (UNDOLASTACTION);
  • Соңғы орындалған транзакцияны қалпына келтіру (REDOLASTACTION);
  • Транзакциялар журналын сұрау (VIEWTRANSACTIONLOG).

Сервистік операциялар:

  • Сервистен файлдарды жүктеу (GETFILE);
  • Қабатты пайдаланушыға қолжетімді қабаттар тізімінен алып тастау (DELETELAYER);
  • Сервердегі деректер тізімін виртуалды қалталар бойынша оңтайландыру (OPTIMIZE);
  • Виртуалды қалталар тізімін және олардың ішіндегі деректерді алу (GETMAPLIST);
  • Сервис тарапынан жарияланатын деректерін тізімін жаңарту (UPDATEWMSLIST);
  • Сервистің барлық теңшеу файлдарын қайтадан оқып шығу (REREADALLXML);
  • Барлық сызбанұсқалар мен легендаларды жаңарту (UPDATESCHEMS);
  • Сервер ГАЖ теңшелімдері бойынша сервис деректері мен пайдаланушылардың тізімін белгілеу (GETUSERSFROMGISSERVER);
  • Сервис логына хабарламалар жазу (WRITELOG);
  • Бөгде геопорталдар теңшелімдері файлын сұрау (GETWMSLIST).

Деректер банкімен жұмыс істеу:

  • Деректер банкіне деректер жүктеу (DSLOAD);
  • Деректер банкі қолдау көрсететін пішімдер тізімін сұрау (DSLOADLIST);
  • Деректер банкінде деректерді жүктеу/өңдеу процесінің күйін тексеру (DSCHECKPROCESS);
  • Деректер банкіне деректерді жүктеу/өңдеу процесінің лог файлын алу (DSGETFILE);
  • Деректер банкінде геожабын қалыптастыру (DSCREATEGEOCOVERAGE);
  • Деректер банкінде жабындар сызбанұсқасын жаңарту (DSCALLUPSCHEME).

Төңіректің 3D үлгісін алу:

  • Объектінің 3D үлгісін алу (GET3DOBJECTS);
  • Биіктіктер жиымын қамтитын тайл алу (GETCOVERAGETILE);
  • Нүктедегі геожабын мәнін алу (GETCOVERAGEPOINT);
  • Объектінің 3D үлгісін алу операциясын қолдайтын қабаттар тізімін алу (GET3DLATERS);
  • Геожабын алу (GETCOVERAGE).

Деректерді алу үшін, GIS WebService SE сервисі OGC WMS, OGC WMTS, OGC WFS, OGC WFS-T стандарттарының базалық сервистік операцияларын қолдайды.
OGC WMS стандарты үшін GetCapabilities операциясына, GetMap операциясына, GetFeatureInfo операциясына қолдау көрсетіледі.
OGC WMTS стандарты үшін GetCapabilities операциясына, GetTile операциясына, GetFeatureInfo операциясына қолдау көрсетіледі.
OGC WFS стандарты үшін GetCapabilities, GetFeature, DescribeFeatureType, ListStoredQueries, DescribeStoredQueries операциясына қолдау көрсетіледі.
OGC WFS стандарты үшін GetCapabilities, GetFeature, DescribeFeatureType, ListStoredQueries, DescribeStoredQueries, Transaction операциясына қолдау көрсетіледі.
OGC WFS стандарты үшін GetCapabilities, DescribeCoverage, GetCoverage операциясына қолдау көрсетіледі.

Операциялар стандартты веб-шолғыштағы карталар серверіне НТТР-сұраулар енгізу арқылы орындалады.
Сұраулар НТТР-протоколға сай орындалып, URL түрінде енгізіледі:
http://host/path[?{name=[value]&}], мұндағы
http://host/path - карталар сервері мекенжайы (URL префикс);
name=value& - атау=мән жұптары түріндегі сұрау параметрлерінің көпшілігі. Ықтимал параметрлер тізбесі сервистің әрбір операциясы үшін айқындалады.

Шығарылатын деректер пішімі:

  • графикалық деректер (*.png, *.jpeg, *.png8),
  • векторлық деректер (*.gml, *. xml, *.geojson),
  • метадеректер (*. xml, *. html),
  • жабындар (*. xml).

Шығарылатын тайлдық деректер матрицаларының қолдаулы типтері:

  • GlobalCRS84Scale,
  • GlobalCRS84Pixel,
  • GlobalCRS84Quad,
  • GoogleMapsCompatible,
  • EPSG:3395 проекциясындағы Yandex және Mail матрицасы,
  • және матрицалардың басқа да түрлері.

Шығарылатын тайлдық деректер проекцияларының қолдаулы типтері:

  • EPSG:3395,
  • EPSG:3857,
  • EPSG:4326,
  • EPSG:4740,
  • және басқалар.

Сервистің атқарымдық мүмкіндіктерін кеңейту

GIS WebService SE атқарымдық мүмкіндіктерін кеңейту, REST протоколы бойынша сұрауларды орындау үшін GIS Application Service қызметіне қосылатын пайдаланушы кітапханалары түріндегі кеңейтімдерді қосудың көмегімен жүзеге асырылады. API-интерфейс, GIS Application Service қызметінің REST-сұрауларын орындайтын кітапхананы пайдаланушы тарапынан әзірлеуге арналған.

GIS Application Service құрамындағы кеңейтілген REST-сұрауларды орындау үшін, сұрау мәтінінде RestMethod параметрі болуы керек. Пайдаланушы кітапханасы, GIS Application Service орындалатын файлы орналасқан директорияда орналасуы тиіс.

Пайдаланушы кітапханасы әдістерінің жұмысы ағыннан қауіпсіз болуы тиіс. GIS WebService SE сервисі REST протоколы бойынша кеңейтілген сұрауларды өңдеу кезінде, орындауға сұрауды жіберген пайдаланушының жеке басын, яғни топқа тиесілілігін (рөлін) анықтайды. Пайдаланушы кітапханаларын әзірлеу үшін сервистің SDK қолданылуы мүмкін.