"Панорама" ГАЖ

Кәсіби "Панорама" ГАЖ

Қалалардың цифрлық карталары мен жоспарларын жасау және түзету, ЖҚЗ деректерін өңдеу, әртүрлі өлшеулер мен есептеулер, оверлейлік операциялар орындау, 3D-үлгілер құру, растрлы деректерді өңдеу құралдарына, графикалық құжаттарды цифрлық және баспа түрде дайындау құралдарына, сондай-ақ дерекқорлармен жұмыс істеуге арналған құрал-саймандарға ие әмбебап геоақпараттық жүйе.

Өнім келесі тілдерде іске асырылған: орыс, ағылшын, француз, испан, қазақ, украин, қытай, вьетнам тілдері.

Профессиональная ГИС Панорама

Форум Қалай сатып алу Соңғы нұсқасын
жүктеу
Құжаттаманы
жүктеу

Негізгі сипаттамалар

  • Өнім Red Hat, Debian, Fedora, QNX, CentOS, MS Windows және басқа да ОЖ үшін іске асырылған.
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі құралдарымен үйлесімді (авторластыру, деректерді шифрлау құралдары, антивирустар, брандмауэрлер және басқалар).
  • Intel, AMD, SPARC, MIPS, ARM, Эльбрус және басқа да процессорларды қолдайды.
  • Пайдаланушы интерфейсі орыс, ағылшын, француз, испан тілдері мен басқа тілдерде іске асырылған.

ГАЖ құрамына төңірек туралы кеңістіктік ақпаратты өңдеу үшін түрлі құрал-саймандарды қамтитын 100-ден астам түрлі міндет, кіреді.

  • Кеңістіктік деректерді жіктеудің икемді жүйесі, ақылды шартты белгілер.
  • Кеңістіктік деректерді айырбастау және көрсету бойынша OGС, ISO 19100, IHO, ICAO сияқты және басқа да халықаралық стандарттарды қолдау;
  • EPSG коды бойынша ұлттық координаттар жүйелері параметрлерінің дерекқорын қолдау;
  • Кеңістіктік деректер алмасудың кеңінен таралған пішімдерін қолдау;
  • Дерекқорлардан алынған деректерді және ашық дереккөздерден алынған деректерді web-шолғыш протоколдары бойынша біріктіру;
  • Арнайы міндеттер үшін кеңейтім модульдерінің үлкен жинағы: жер және жылжымайтын мүлік кадастры, қала құрылысы, экология, агрокәсіпорынды басқару, аэронавигация, байланыс желілерін басқару және басқалар;
  • Қалалардың цифрлық топографиялық, теңіздік, аэронавигациялық және басқа да карталары мен жоспарларының кәсіби редакторы;
  • 3D талдау кешені, Есептер редакторы, Нысандар құрастырушысы, GPS\ГЛОНАСС мониторы және көптеген басқа да кіріктірілген міндеттер;
  • Деректермен ұжымдық түрде қашықтан жұмыс істеу, қолжетімділікті бақылау және бұлттық технологиялар негізінде деректерді қорғау;
  • Электрондық картаның жекелеген объектілері үшін таңдалған сипаттаманың мәндерінің арақатынасын көрнекі түрде көрсететін графикалық кескіндерді қалыптастыру.
  • Цифрлық карталарды генерализациялау — ұсақ масштабтағы карталарды ірі масштабтағы карталар бойынша автоматты түрде жасау;
  • Цифрлық карталарды шығаруға дайындау;
  • Жер және жылжымайтын мүлік кадастрын жүргізу үшін деректерді жинау;
  • Теңіздік (IHO) және аэронавигациялық (ICAO) деректерді көрсету және сақтау жөніндегі халықаралық стандарттарды қолдау.

Негізгі мүмкіндіктер

Картаға қолданбалы графикалық ақпаратты жазудың және төңіректің векторлық және растрлық карталарын түзетудің дамыған құралдары. 42-ші жылғы жүйелерді, ПЗ-90, WGS-84 сияқты және басқа да жүйелерді қоса алғанда, бірнеше ондаған түрлі карта проекциялары мен координаттар жүйелерін қолдау. Барлық масштабтық қатарды қолдау — қабаттық жоспардан бастап Жердің ғарыштық навигациялық картасына дейін. Бір векторлық картаның көлемі бірнеше Тб құрауы мүмкін. Бір растрлық немесе матрицалық картаның көлемі 1 Тб-қа дейін жетуі мүмкін.

Импорттау және қарау

  • (SXF, SHP, GML, GeoJSON, KML, S57, Arinc 424 және т.б.) пішімдеріндегі векторлық карталар;
  • растрлық деректер (RSW, BMP, JPEG, GeoTIFF, TIFF, IMG), мультиспектрлік суреттер (GeoTIFF);
  • биіктік матрицалары, сапа матрицалары, қабаттардың геологиялық матрицалары, TIN-үлгілер, лазерлік сканерлеу деректері (MTD пішіміндегі нүктелер бұлты);
  • пайдаланушы карталары, жұмыстар ауданы.

Жаңа карталар жасау

EPSG коды бойынша проекция параметрлерін автоматты түрде толтырумен немесе XML пішіміндегі параметрлер тізімінен жаңа карталарды жасау.

Карталарды SXF, MIF\MID, SHP\DBF (Shape), OGC GML (XML), KML (Google), DXF, S57 пішімдеріне экспорттау.

Кәсіби карта редакторы (170-тен астам режим)

Векторлық карта сапасын жалпы бақылау және абсолютті биіктіктерді бақылау.

Қолданбалы міндеттерді орындау:

Деректерді түрлендіру (векторлық картаны түрлендіру, растрлық деректерді түрлендіру, суреттерді түрлендіру және т.б.)

Деректерді өңдеу (OpenStreetMap деректерін тайл алдында дайындау, математикалық негізді құру, іргелес парақтар жинағы, биіктіктер матрицасы бойынша деңгейжиектерді құру)

Выполнение прикладных задач
Выполнение прикладных задач

Деректерді бақылау және түзету (объектілер метрикасын түзету, объектілер семантикасы бойынша жазбалар құру, объектілер бойынша семантиканы қарау және т.б.)

Геодезиялық міндеттер (нүктелер жинағы бойынша МСК параметрлерін есептеу, нүктелер жинағы бойынша датум параметрлерін есептеу)

Жазбаларды автоматты түрде жасау және қойып шығу

Объектілер семантикасы бойынша жазбаларды жасауға арналған. Жазбаларды жасау барысында, жазбалардың қиылысуын болдырмау үшін олардың өзара жайғасымы талданады.

Автоматическое создание и расстановка подписейАвтоматическое создание и расстановка подписей

Построение трехмерных моделей

Үшөлшемді үлгілерді құру

Төңіректің үшөлшемді үлгілерін құру, олар бойынша нақты уақыт масштабында жылжу. Үлгінің үсті векторлық, растрлық немесе матрицалық карталарды қолдану арқылы қалыптастырылуы мүмкін, электрондық карта объектілерінің кескінін құру, жабынның текстуралары мен материалын таңдау мүмкіндігі көзделген.
Толығырақ қараңыз...

Объектілер тізімдері бойынша қисындық және математикалық операцияларды орындау

Бір тізімдегі объектілер сұлбаларының басқа тізімдегімен қиылысуын немесе бірігуін құру. Тізімге кіретін объектілер айналасында ортақ аймақ құру. Картадан басқа тізімдегі объектілермен белгілі бір кеңістіктік байланысы бар бір тізімдегі объектілерді іріктеу (белгіленген қашықтық шегінде кіру, қиылысу, жанасу, алшақтау және сол сияқты) және т.б.

Желілік үлгі және желілік талдау.
Жолдар графы

Желілік талдау міндеттері — желі қырларының семантикалық сипаттамаларының мәндерін ескере отырып тораптар арасындағы ең қысқа бағдарды іздеу және көрсетілген тораптар (алшақтық графынан) белгіленген қашықтық шегіндегі объектілерді іздеп табу. Желілік деректер үлгісі (жолдар графы), желінің байланыстылығы туралы ақпарат және желілік талдау міндеттерін шешуге арналған атрибуттар сақталатын семантикалық сипаттамаларға ие желінің қыры мен торабы түріндегі объектілерді қамтитын пайдаланушы картасы түрінде ұсынылған.

Граф дорог

Карталар атласы - карталар менеджері

көмегімен, сіздің жергілікті желіңіздегі картографиялық ресурстар туралы метадеректерді ыңғайлы түрде жүйелендіру қолжетімді.

Интерактивное проектирование информационных систем и работа с базами данных

Ақпараттық жүйелерді интерактивті түрде жобалау және дерекқорлармен жұмыс істеу

Кіріктірілген нысандар құрастырушысы, есептер, SQL-сұраулар негізінде ақпараттық жүйелерді интерактивті түрде құру. Дерекқорлар кестелерінің жазбалары бар карта объектілері байланысының алуан түрлері (бірден бірге және көптен көпке). Деректерді талдау және кестелер, диаграммалар құру, тақырыптық картографиялау, геокодтау құралдары.

Тақырыптық картографиялау

Семантикалық сипаттамалар мәндері бойынша немесе дерекқорлар кестелерінің таңдалған өрістерінің мәндері бойынша картада диаграммалар жасау. Картограммаларды жасау кезінде атрибуттық сипаттамалар мәндерінің ауқымдарын пропорционалды және пропорционалды емес жолмен бөлу мүмкіндігі бар.

Тематическое картографирование

Жазықтық пен кеңістіктегі есептеулер

Проекциялардың бұрмалануын, Жердің қисықтығын, үшөлшемді координаттарды, биіктік матрицаларын және сапа сипаттамаларын ескере отырып, жазықтық пен кеңістіктегі есептеулер. Көптеген объектілер бойынша оверлейлік операциялар орындау. Деректердің топологиялық дұрыстығын бақылау. Объектілерді атрибуттық сипаттамалар мәндері, өлшемдер, басқа объектілерге қатысты кеңістіктік жайғасымы бойынша іздеу және іріктеу.

Построение и анализ поверхностей

Жабындарды құру және талдау

"Панорама" ГАЖ жүйесі белгіленген сипаттаманың өзгерісін көрсететін жабын үлгілерін жасауға және талдауға мүмкіндік береді. Жабынның үлгісі жер бедерінің биіктігі, ластанудың шоғырлануы, жауын-шашын саны, радиация деңгейі, белгілі бір объектіден алшақтығы сияқты және басқа да төңірек қасиеттерін көрсетуі мүмкін. Үлгі, биіктіктер матрицасы (MTW) немесе сапалар матрицасы (MTQ) түрінде қалыптастырылуы мүмкін.

Лазерлік сканерлеу деректерін өңдеу

Әуеден лазерлік сканерлеу және Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері бойынша төңіректің жер бедері мен математикалық үлгілерінің электрондық карталарын, цифрлық үлгілерін жасау және жаңарту.

Обработка данных лазерного сканирования
Работа с пространственными данными из интернет источников

Интернет дереккөздерінен алынған кеңістіктік деректермен жұмыс істеу

OGC WMS, OGC WMTS және TMS дерек алмасу протоколдары мен халықаралық стандарттарын қолдау арқасында, Интернет ортасында орналасқан сервистерден кез келген кеңістіктік ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі. Google және DigitalGlobe суреттерін басқа да кеңістіктік деректермен бірге қараудың арқасында қажетті аумаққа қатысты барынша көрнекі ақпарат алуға мүмкіндік беріледі. Кез келген кеңістіктік деректерге төсеніш ретінде GOOGLE, YANDEX, OPENSTREETMAP, КОСМОСНИМКИ, YAHOO!, VIRTUALEARTH сервистері қолданылуы мүмкін.

Шығаруға дайындау

Карталарды шығаруға дайындау кешені, карталарды көркемдеу, сызбаларды, атластарды дайындау және офсеттік баспа үшін картаның бөлінген кескіндерін қалыптастыру бойынша қойылатын талаптарды ескере отырып, басып шығарылған картаның көрнекілігін жақсартуға арналған.

Есептерді дайындау және басып шығару

Карталарды, графиканы, түрлі атрибуттары бар көпжолақты мәтінді, кіріктірілген кеңселік құжаттар мен кестелерді, жиектама артындағы рәсімдеуді, координаттық нүктелерді және басқа да элементтерді қамтитын күрделі есептерді дайындау және басып шығару. PostScript-тегі түрлі шығару және енгізу құрылғыларында электрондық картаны басып шығару. Басып шығару үшін дайындалған құжатты алдын ала қарау, карталардың ұсақ тираждарының параметрлерін теңшеу.

Подготовка и печать отчетов
Комплекс анализа мультиспектральных снимков

Мультиспектрлік суреттерді талдау кешені

Мультиспектрлік суреттерді талдау кешені, арналар бойынша статистиканы есептеп шығаруға және мультиспектрлік суреттің көрсетілетін арналарын теңшеуге арналған. Мультиспектрлік суреттер, RSW ішкі пішіміне қосымша түрлендірілмей, GeoTIFF пішіміндегі файлдарда өңделеді.

Навигация

Карта фонында өзінің орналасқан жерін көрсету. ГЛОНАСС (ПЗ-90) және НАВСТАР (WGS-84) жүйелерінде алынған координаттарды 42-ші жылғы координаттар жүйесіне қайта есептеу. Үшөлшемді координаттарды, қозғалыс жылдамдығы мен азимутын, жүріп өткен қашықтықты, белгіленген нүктеге арналған азимутты және басқа параметрлерді көрсету. Жүріп өткен қашықтықты көрсету және алдағы қозғалыс үшін бағдарларды таңдау.

Демонстрация фото- и видеоматериалов с геолокацией

Просмотр фотографий местности и видеоматериалов по треку, имеющих координатную привязку к месту съемки. Демонстрация видеопотока и событий (перемещение людей, машин и других объектов, определение факта пересечения периметра закрытой зоны, появление или исчезновение предметов) с удаленных видеокамер в реальном времени, подключенных к сети Интернет.

Демонстрация фото- и видеоматериалов с геолокацией
Выполнение скриптов на языке Python

Выполнение скриптов на языке Python

Подключение пользовательских скриптов на языке Python для выполнения различных процедур по обработке координат и атрибутов объектов векторных карт, решению расчетных задач, конвертированию данных и других задач. Для выполнения скриптов необходимо предварительно скачать и установить интерпретатор Python.